Текст
22.02.2024
Әке-асқар тау.Әке мектебі орны толмас маңызды мектеп.Бүгінгі күні мектебімізде әкелердің мектеп өміріне араласып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін қосу мақсатында ,, Абыройлы әкелер,, атты кездесу өтті.40 қа жуық әкелердің келгенін көріп,қуанып қалдық.Бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын әкелеріміздің болғаны қуантарлық жайт.Кездесу барысында әкелермен тренингтер, топтық постер қорғау, үздік әкелермен сұхбат, өмірлік кеңестермен бөлісу, видео талқылаулар, бала қауіпсіздігі туралы жаттығулар жүргізілді.Смарт 1 Алшы тобының әкелері ауызбіршілікпен бала тәрбиесіне деген құнды ойларын ортаға салды.Кездесу соңында аудандық әкелер кеңесінің төрағасының орынбасары Калмағанбетов Шортанбай Кабдуллинұлы да алдағы уақытта әкелер мектебін жандандыру туралы ұсыныстарын айтып өтті.Мектепке әкелер келмейді деген мифті жойып, біздің әкелер мектепке қуана келеді деп сенімді айта алатын сәтке жеттік.Осындай шаралар жалғасын табар берсін!
22.02.2024
Бастауыш буынның орта буынға өтуі, бейімделу периоды – мектепте оқудың ең қиын периоды болып табылады. 5-ші сыныпта оқу, бастауыш буынға қарағанда, оқытудың шарты күрделене түсуіне байланысты, оқушының психологиясына жүктеме көбейеді. Осы жағдайда психолог маманының көмегі өте қажет. №9 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушыларға арналған психологиялық тренинг сабақтары өткізілді. Оқушылардың көңіл күйлері көтеріліп,өздерін еркін сезініп, достық қарым –қатынас орнады. Психологиялық тренинг ұйымдастырушысы - Асия Казестаевна
22.02.2024
Мектепшілік медиация тобының жұмыс барысы. Жетекшісі: Арынова Г.Ж
22.02.2024
Хабарландыру
Публичные обсуждения в сфере оказания государственных услуг
Ежегодно, в соответствии с п. 5 статьи 23 Закона Республики Казахстан «О государственных услугах» проводятся публичные обсуждения отчетов деятельности по вопросам оказания государственных...
21.02.2024
Ақпанның 21 жұлдызында аудандық Жігіт сұлтаны-2024 байқауында , жүлделі 2 орын иегері мектебіміздің математика пәні мұғалімі Абышев Тимур Арманұлы марапатталды! Құттықтаймыз!
21.02.2024
Ата-аналар назарына!
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👇
/public/files/2024/2/21/210224_162836_whatsapp-video-2024-02-21-at-155915.mp4
21.02.2024
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында, мектебімізде жазушы, ғалым Санжар Керімбай ағамызбен кездесу өтті. Іс шараға ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты. Кездесу мазмұнды, тартымды өтті!
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👇
/public/files/2024/2/21/210224_093726_whatsapp-video-2024-02-21-at-091908.mp4
21.02.2024
Ақпанның 20 жұлдызында аудандық Бурабай аруы-2024 байқауында , жүлделі гран-при иегері мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Комиева Алтынай Ерсаиновна марапатталды! Құттықтаймыз!
21.02.2024
Аудан мешіті жанындағы "Шамшырақ" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Қазақ тарихында есімі қалған аналарымыздың келбеті" тақырыбында форум өтті. Форумға №9 мектеп- гимназиясынан мектеп директоры Кушекова Б.Қ, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Бекетай Б.А, тарих пәні мұғалімі Төлтаева Л.И, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуандық Ж.Т, мектеп психологі Бекебаева Ә.Қ қатысты. Іс- шара барысында ұстаздарымыз жүн түту, ұршық иіру, көрпе тігу сияқты қазақтың ұлттық қолөнерін жиналған қауымға паш етті.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👇
/public/files/2024/2/21/210224_092917_whatsapp-video-2024-02-20-at-170942.mp4
20.02.2024
Ата-аналар мен оқушылардың назарларына!