Текст
03.04.2026
Гос услуга 2025 отчет январьда тапсыратын
Гос услуга 2025 отчет январьда тапсыратын
31.03.2026
Мемлекеттік қызмет көрсету барысы.
№9 мектеп-гимназия жанындағы интернат оқуышларына тасымал жүргүзілуде. №9 мектеп-гимназия жанындағы интернат – Бурабай ауданының ауылдық жерлерінен келетін балаларға арналған маңызды әлеуметтік-білім беру мекемесі. 2025-2026 оқу жылында 39 оқушымен интернат жұмысын...
25.02.2026
Мектебімізде Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымы мол, жүрекке әсерлі ерекше кездесу кеші өтті. Кездесу барысында батыр ағаларымыз өздерінің өмір жолы, әскери қызмет кезіндегі бастан өткерген қиындықтары мен ерлікке толы сәттері туралы сыр шертті. Олардың ел алдындағы адал қызметі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі оқушыларға үлкен үлгі болды. Ардагерлер жастарды елін, жерін қорғауға әрдайым дайын болуға, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге шақырып, патриоттық рухта тәрбиеленудің маңызын атап өтті. Кеш барысында оқушылар ардагерлерге өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ерлік пен батырлықтың мәңгілік құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
25.02.2026
Математика сабағынан 1 Ә сынып оқушыларының ашық сабағы. Тақырыбы " Уақыт "
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
25.02.2026
20.02.2026 күні Бурабай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №9 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің жас мамандарына арналған «Өсу аймағы: жас маманның кәсіби серпіні» атты семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Семинардың ашылу салтанатында Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шайкенова Самал Сағынаевна және әдіскер Алдабергенова Клара Арынгазиевна жас мамандарға жүрекжарды тілектерін арнап, кәсіби дамуға серпін беретін жылы лебіздерін білдірді. Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, мазмұнды әрі креативті сабақтарға куә болды:
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
25.02.2026
17–20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өткен жас зерттеушілердің ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Асқар Мұнтаза өз жобасын сәтті қорғап, ерекше жетістігі үшін грамотаға ие болды. Ол мектеп мерейін республика көлемінде асқақтатты. Жүлдегер шәкіртті дайындаған тарих пәні мұғалімі Шаяхметова Марфуға Шекербайқызының еңбегі зор. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жеткен бұл жеңіс – барша ұжым үшін үлкен мақтаныш. Мектебімізде дарынды шәкірттер саны артып, мерейі үстем бола берсін! Мұнтаза шәкіртіміздің алар асуы әлі алда деп сенеміз.
30.01.2026
Құжаттарды қабылдау және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымына бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру деңгейлерінің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау.