Текст
13.02.2024
Өзін өзі басқару ұйымы волонтерлік акцияларға белсене қатысады. Жақсылық жасап жарысайықшы!!!
13.02.2024
Бурабай ауданы ішкі істер басқармасы Жүргізушіге хат атты бастауыш сыныптар арасында байқау ұйымдастарған болатын. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз: 1 а сынып Нұрыш Інжу 3 а сынып Қайыргелді Ансар. Құттықтаймыз!!!!
13.02.2024
Смарт 1 ,,Алшы,, тобының ұйымдастыруымен ,, Бұл біздің өмір,, атты сахналық қойылым көрсетілді. Көрсетілім мақсаты: жастар арасында буллингтің, вейптің, суицидтің алдын алу, оның зияндылығын балалардың қойылымы арқылы жеткізу көзделді.Шығарма желісі бойынша Анар атты қыздың жаңа мектепке келгендегі қорлығы оның жанын ауыртып, қиналып, проблемасын ешкімге айта алмай өзі өзіне қол салуға дейін барады.Сәбит атты оқушы Анарды өлімнен құтқарып, оның өмірге деген құлшынысын арттырады.Осы драмалық шығарма арқылы балалар қандай қиын кездерден де жол тауып шығуға болатынын және адал достықтың барына көз жеткізді. Қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.
13.02.2024
ТҚПТ ЖҚП бөлімі 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесі барысында оқушылар өздерінің құқықтары мен демалыс уақытында өздерін ұстау туралы ақпарат алды. Спикерлер: 1. Әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Акпаева Дина Талгатовна 2. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен шектеулері» тақырыбы бойынша полиция лейтенанты Жуманалин Думан Куандыкович
13.02.2024
2-7 сынып окушылар арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінің "Химия биология" секциясы бойынша мектебіміздің 5 Б сынып оқушысы Серік Аяна жүлделі 3 орынға ие болды.Жетекшісі :Уалиева Г.М Жүлделі орын құтты болсын!
13.02.2024
Егер де мен әкім болсам аудандық эссе байқауында Үздік жұмыс деп танылған, 10 сынып оқушысы Капезова Айғаным марапатталды. Құтты болсын!!!
13.02.2024
Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына орай кітапханада, мектеп оқушыларымен “Халқының ардақты ұлы - Сәкен сері” атты кітап көрмесі және Сәкен Жүнісовтың Ақан сері романына 7-8 сыныптар арасында талдау жасалды.
13.02.2024
Мектеп-гимназиямыздың қызметкерлері мен оқушылардың қатысуымен мектеп ауласы қардан тазартылды.
13.02.2024
«Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында , 9 мектеп - гимназиясының кітапханасында , Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13.02.2024
Оқушылардың қысқы каникул уақытын тиімді пайдалану мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Бұл экскурсия мультимедиялық комплекс Лапландияда болды. Балалар мұндағы табиғат мұражайы мен зоопаркті тамашалап, түрлі ойындар ойнап қызыққа батты.