Текст
05.05.2021
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша) 1 орын - Рашит Султана, Щучинск қ. № 9 МГ, 9 – сынып оқушысы Жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна жарайсың жеңіс құтты болсын!
04.05.2021
Мектептерде оқу жылының аяқталу мерзімі бекітілді Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады . Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды . Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады . Оқушылар ата - аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады . Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді . Тиісті бұйрыққа қол қойылып , педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді . - « Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады . Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді . Балалар өз қалауы бойынша , ата - аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады . Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды . Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады . Барлық жұмыс заң аясында , құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады . Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек . Ы . Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет » , - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов .
04.05.2021
«Махамбет оқулары» атты аудандық сайыстының «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар конкурсы (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша) 1 орын – Кабдуллин Мадияр, Щучинск қ. № 9 МГ, 8 – сынып оқушысы жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна құтты болсын!
04.05.2021
Aқмолалық оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикальқ форумының жүлдегерлері атанды. 7-10 сыныптарда оқитын 10 оқушы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында Ақмола облысының намысын қорғады. Байқау болашақ мамандықты табысты таңдау үшін, еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті болашақ мамандықты зерделеуге шығармашылық тәсілді жандандыруға, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тартуға ықпал етеді. Балалар бірнеше номинация бойынша жарысты: «Мен мамандықтар әлеміндемін» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қ. №9 MГ оқушысы Батырбекова Шырын «Жақсы мамандық - өмірдің жарқын бастауы» жұмысымен 2 орынды иеленді. Жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна Жарайсың Шырын жеңісің құтты болсын!
04.05.2021
Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. Ұбтға өтінішті һttp://app.testcenter.kz/ cайты арқылы беруге болады. ҰБТ электрондық форматта "бір тестіленуші — бір компьютер — бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБT-да бөгде адамдарды болдырмау цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады. Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады. Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ -ны өткізу рәcсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.
04.05.2021
Грант утып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады Мемлекеттік білім грантын утып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық біріңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше куннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. . Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады. * Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеy аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жаyаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады. . Сонымен бірге тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі. ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады. . ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.
04.05.2021
13наурыз күні «Шежіре» өтті. Оқушылар өз шежіресі жайлы айтып шежіре жөнінде толық ақпарат алды.
04.05.2021
ҚР тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында— биік мақсаттарға» жобасы аясында өткізіліп отырған «Этно— fashıon» ұлттық сән көрмесіне мектебіміздің сұлу да сымбатты мұғалімдері Арынова Гульжан Жангалиевна, Батқолла Ұлжан Әскерқызы, Утегенова Диана Саматовна қатысып дипломмен марапатталды. Жарайсыздар шын жүректен құтықтаймыз!
16.03.2021
2020-2021 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдаужұмыстарын жүргізу жайлы жоспары
16.03.2021
1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады асығыңыздар!