Текст
09.03.2021
Құрметті оқырмандар №9мектеп-гимназиясы 2021жылдың 1 сәуірінен, 1тамызына дейін 1-ші сыныптарды қабылдайды асығыңыздар!
04.03.2021
Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім. Құрметпен, мектеп әкімшілігі. ..
01.03.2021
1 наурыз –Алғыс айту күні Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондықтан бұл күнді тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау мен рухани дәстүрлер күні деп түсіну қажет. Алғыс айту күні құтты болсын!
26.02.2021
Өрт қауіпсіздігі жөнінде 1-11сынып оқушыларының арасында ZOOM арқылы онлайн түсіндірілім болып өтті. Түсіндірілімді жүргізген Әлмеш Бекмұрат Әділханұлы.
25.02.2021
Smart 9 "Бурабай туристеріне тағам ұсыну" 4"Б" сынып оқушылары Сайлаубаева Камшат Жандарбекова Еркежан
25.02.2021
Smart 2 "Солақай жазатын балаларға арналған жаңаша тұтқыр қалам" 5 "Ә" сынып оқушысы Дәуренбек Әділ
25.02.2021
Smart 10 Смарт танымдық мейрамхана 7 "А" сынып оқушысы Құндақбаева Нұрсая
24.02.2021
Smart 1 "3д картина жасау" 5"А"-сынып оқушылары Айтжанова Асель Бабакова Саяна
24.02.2021
Smart 4 3"А"-сынып оқушысы Төленді Халид "Әмбебап қағаз қорап"
24.02.2021
Smart 3 2"Ә"-сынып оқушысы Мухамедрақым Мирас "Кәделі иіс сабын жасау"