«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету барысы.

31.03.2026
 №9 мектеп-гимназия жанындағы интернат оқуышларына тасымал жүргүзілуде. №9 мектеп-гимназия жанындағы интернат – Бурабай ауданының ауылдық жерлерінен келетін балаларға арналған маңызды әлеуметтік-білім беру мекемесі. 2025-2026 оқу жылында 39 оқушымен интернат жұмысын бастады, оқу жылының ортасында отбасылық себептерімен мектеп ауыстырып немесе қалаға көшіп келген отбасылар болды. Олар негізінен Жаңаталап, Қарағай, Обалы, Златополье, Қарабауыр, Қарабұлақ, Жасыл, Қаражар және Жаңажол ауылдарынан келіп оқиды. Ауылдық аймақтардан балалардың қатынап оқуы қиындық туғызатындықтан, интернат олардың сапалы білім алып, толыққанды тәрбие алуына қолайлы жағдай жасайды. Оқушылардың мектеп пен ауыл арасындағы тасымалы айына екі рет ұйымдастырылады. Бұл мақсатта Ютонг және ПАЗ маркалы автобустары қолданылып, барлық санитарлық-гигиеналық және жол қауіпсіздігі талаптары сақталады.
Жаңа оқу жылына дайындық барысында интернаттың материалдық-техникалық базасы толық тексерілді. Асхана, қойма, кір жуу бөлмелері мен санитарлық-тұрмыстық аймақтар жөндеуден өткізіліп, санитарлық нормаларға сәйкестендірілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру құралдары жаңартылып, эвакуациялық жоспарлар қайта қаралды. Жатын бөлмелерге қажетті төсек-орын, киім-кешек, тұрмыстық жабдықтар толық дайындалды.
  Оқушылардың денсаулығын сақтау негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл бағытта интернатта медициналық пункт жұмыс істейді. Мұнда балаларға алғашқы көмек көрсету, күнделікті тексеріс жүргізу, тамақтану рационын бақылау қызметтері ұйымдастырылған. Әсіресе диетбикенің жұмысы балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етуде маңызды.
  Интернат жұмысының тиімділігі тікелей оның ұжымына байланысты. Қазіргі таңда интернат штаты тәжірибелі қызметкерлерден құралған.
Просмотров: 1293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст