Текст
15 қыркүйек 2026 жылы мектептің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, жаңа оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстарды жүйелеу және білім сапасын арттыру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Кеңес барысында:
🔹 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспары;
🔹 инклюзивті сыныптардағы тиімді оқыту әдіс-тәсілдері;
🔹 сабақ кестесі және «Bilim Class» журналының жүргізілуі;
🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру;
🔹 «E-alaqan» жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары;
🔹 «Руханият» оқырмандар клубының жұмысы қарастырылды.
🤝 Басты мақсат – сапалы білім, саналы тәрбие және әр оқушыға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру!