«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-сыныптар арасында ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді. Тақырыбы: «Білім жолының қорытынды белесі» Мақсаты: соңғы тоқсанның маңыздылығын түсіндіру, оқушылардың білім сапасын арттыруда ата-анамен бірлескен қолдауды күшейту. Жиналыс барысында мектеп директоры Бибігүл Күшекова сөз сөйлеп, оқу жылының қорытынды кезеңіндегі жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Сталкинг – романтика емес, қылмыс» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылық мәселелері кеңінен қамтылды. Күн тәртібінде «Соңғы қоңырау» мерекесін ұйымдастыру және өткізу тәртібі қарастырылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Г.М. ата-аналарға толық ақпарат берді. Жиналыс соңында ағымдағы мәселелер талқыланып, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аталған жиналысты 9-сынып жетекшілері Қуандық Ж.Т. және Абышев Т.А. бірлесе ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, өзара ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.

Просмотров: 1284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст