Текст
12.05.2026
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сталкинг ұғымы, оның түрлері мен құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушыларға жеке қауіпсіздікті сақтау, әлеуметтік желілерде қауіпсіз әрекет ету, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу және күмәнді жағдайларда ересектерге немесе тиісті органдарға жүгіну қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар цифрлық кеңістіктегі жауапкершілік, жеке деректерді қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.


