Текст
Бастауыш сынып оқушылары құстарға қамқорлық жасап, олардың ұяларын күтіп-баптауға белсене атсалысты.
Еңбек пәні мұғалімі Қуаныш Серікұлының жетекшілігімен 5-сынып оқушылары құстарға арнап әсем де ыңғайлы ұялар жасап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін нақты іс арқылы дәлелдеді.
Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың жүрегіне мейірімділік пен жауапкершілік ұялап, қоршаған ортаны аялау мәдениеті қалыптасуда.