Текст
13.05.2026
1 «Ә» сыныбында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мазмұнды іс-шара өтті. 🇰🇿
Іс-шара барысында оқушылар ерлік пен батырлық туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар Отан қорғаушылардың ел қауіпсіздігін сақтаудағы еңбегі мен ерлігі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Бұл іс-шара оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ерлік пен елжандылық сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.