Текст
Бастауыш мектептегі әр күніміз біз үшін ерекше қуанышқа, шынайы достыққа және терең білімге толы жарқын сәттерге айналды. Осы төрт жылдың ішінде біз алғаш әріп танып, алғашқы қадамдарымызды білім әлемінде бастық. Ұстазымыздың жылы жүрегі мен мейірімі бізді әрдайым алға жетелеп, талай биіктерге жетуге шабыт берді.
Бірге күліп, бірге қуанып, бірге үйренген осы жылдар — біздің балалық шақтың ең қымбат, ең ұмытылмас естеліктері болып қалары сөзсіз.
Енді біз жаңа белеске қадам басып, үлкен өмірге жол тартамыз. Бірақ бастауыштағы осы төрт жыл — мәңгі жүрегімізде сақталатын алтын кезең болып қала береді.
Сынып жетекшісі: Каркенова Мария Сайлауовна