«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 мамыр — жүрекке ерекше әсер сыйлайтын, қимастық пен қуаныш қатар өрілген күн.

28.05.2026

Бүгін мектебімізде «Арманға қанат қаққан түлектер» атты салтанатты линейка жоғары деңгейде өтті. Бұл күн — мектеп қабырғасында өткен балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін ұмытылмас сәттердің бірі болды.

Сыңғырлаған соңғы қоңырау үні әр түлектің жүрегіне ерекше сезім сыйлады. Бірі қуанып, бірі қимастық сезімін жасыра алмады. Себебі мектеп — тек білім ордасы ғана емес, ең бақытты шақтардың, шынайы достықтың, тәтті естеліктердің мекені.

Жылдар бойы бірге білім алып, бірге күлген сыныптастар енді әрқайсысы өз арманына қарай қанат қақпақ. Алда үлкен өмір, жаңа белестер мен асқақ армандар күтіп тұр.

Бүгінгі жас түлектер — ертеңгі елдің үміті, болашақтың жарқын иелері.

Салтанатты кеш барысында ұстаздарға алғыс айтылып, ата-аналардың ақ тілектері мен жүрекжарды лебіздері білдірілді. Мектеппен қоштасу сәті әр жанның жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше естелікке айналды.

Ақ жол, жас түлектер!
Армандарыңыз асқақтап, әрқашан биіктерден көріне беріңіздер!
Қанаттарыңыз талмасын, болашақтарыңыз жарқын болсын! ✨

Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст