«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11-сынып… Уақыт өшірмейтін із, жүректе мәңгі сақталатын ең қымбат естеліктердің мекені.

28.05.2026

Мектеп табалдырығын кішкентай бала болып аттап, бүгінде үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерміз. Осы жылдар ішінде бірге күліп, бірге мұңайып, талай қызықты сәттерді бастан өткердік. Әр сабақ, әр қоңырау, әр мереке — бәрі де біздің балалық шағымыздың ең жарқын беттері болып қалмақ.

Мектеп — тек білім алған орын ғана емес, ол — достықтың, шынайы сезімдердің, тәтті естеліктердің мекені. Осында алғашқы армандар пайда болып, болашаққа деген сенім қалыптасты. Сыныптастармен өткен әрбір сәт бүгінде жүрекке ыстық естелікке айналды.

Уақыт бәрін өзгертсе де, мектепке деген сағыныш пен осы бір бақытты шақ ешқашан ұмытылмайды. Біз әрқайсымыз әр түрлі жолға бет алсақ та, жүрегімізде мектепке деген ерекше сезім мәңгі сақталады.

11-сынып — балалықпен қоштасып, болашаққа қанат қаққан ең ерекше кезең.
Уақыт өтер… Бірақ бұл жылдар жүректен ешқашан өшпейді.

Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст