«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар 2022-2023

Бағдарлама тақырыбы: «Кәсіптік бағдар беру»

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтермен, ақпараттармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұраныстың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кәсіби білім беру аясында әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  • Кәсіби білім беру мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Химия, биология, физика, математика, қоғам тану пәндерінен бағыт бойынша топтық тапсырмасын орындау.

Бағдарламаның өзектілігі:

Өңірдегі сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізуде мұғалімдердің, жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларының, жұмыс берушілердің, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен басқа да мүдделі тараптардың, ата-аналардың  қатысуымен оқушының бойындағы кәсіпке деген икемділігін ерте бастан айқындап, бағыт-бағдар беру  жұмыстары жүзеге асырылады.

Жұмыс түрлері:

  • Кәсіби бағыт-бағдар беру сабақтары;
  • Мекеме, кәсіпорын, ЖОО-на экскурсиялар;
  • Кәсіби бағыт-бағдар бойынша сынып сағаттары;
  • Мамандармен, кәсіпкерлермен, ғалымдармен  кездесу;
  • Кәсіби графикалық зерттеулер, мониторингтар жүргізу, сауалнамалар алу;
  • Кәсіби бағдар тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысын өткізу.

Күтілетін нәтиже:

  • Қарым-қатынас, іздену, нақтылы мақсат қою, өз ойларын ашық айту, сараптау, бағалау дағдылары қалыптасады;
  • Мамандықтар туралы сауаттылықтары артады;
  • Мамандықтардың маңызын, ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді;
  • Өзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты келешектегі мамандығын айқындай алады.

 

Кіріспе

 

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын, дегенмен әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. 

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше түрлі мамандықтар келді.

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Мамандық таңдағанда, жас адам, әдетте, бірінші назарға өз мүдделерін, бейімділігін қабылдайды. Атап айтқанда, жас жеткіншектердің  интеллектуалдық әлеуеті, физиологиялық ерекшеліктері ескерілмегендіктен,  мамандық таңдағанда күйзеліске ұшырайды. Сондықтан да мамандық таңдауда төмендегі факторларға көңіл бөлу керек.

 

 

 

 

 

 

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Мамандықты дұрыс таңдау-болашақ тағдырың

 

                                                     Он бес пен жиырма бестің арасында,

                                                  Бұл жаста аласым көп, бересім де.
                                                           Алдымда толған мақсат, толған таңдау
                                                            Алайын анасын ба, мынасын ба?
                                                                                 Сұлтанмахмұт Торайғыров

          Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарының қамқорлығында болып келген әрбір жасөспірімнің ендігі жерде өмірден өз орындарын тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болулары — өмірлік парыз. Бұл ретте  алдарында өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол - бағыт-бағдар бойынша алған  білімдерін жоғары дәрежеде дәлелдеп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру. Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай. Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей, қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандыру дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен кезінде мамандықтың түрі көп. Соларды ескере келе, мамандықты 5 топқа бөледі.

 

 

Олардың белгілері еңбекпен негізделеді. Мемлекеттің басты қуаты – адам. Олар: адам – адам, адам – белгілік жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – шығармашылық бейне.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгілік жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой – өрісі өте кең болуы керек. Бұл бухгалтер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары, аудармашы.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс жасайды. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – шығармашылық бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер, әдеби қызметкерлер.

Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейіне денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай, мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы үшін осы бағдарламаның тиімділігі мол болды. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардың ақыл – кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.
Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта – жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.
Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап – талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ. Дегенмен де өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға да пайда келетіне алмайтынын сезе қоймайтын адамдардың аз кездеспейтініне өкінбеске болмайды.
          Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік — жігері, борыш пен жауапкершілігі, тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог, ұшқыш, теңізші, дәрігер сияқты мамандық түрлері таңдағанда ерекше назар аударатын нәрсе. Кейбір мамандық түрлері оймен еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды қажет етеді. Міне, мамандық таңдау кезінде оның осындай ерекшеліктерін ескеріп, отыру қажет екенін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр.
Әр кезеңнің өз экономикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері болады. Соған орай мамандық түрлерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны сүйе білу керек, ынта қойып, қызыға меңгеру керек. Қазақта: «Ата көрген – оқ жонар», ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» деген мағынасы терең мақал – мәтелдер молынан кездеседі. Әрі бұл - бүтіндей бір халықтың өмірлік тәжірибесін бір арнаға тоғыстырған өскелең ұрпақты қаршадай кезінен бастап қандай бір кәсіпке баулудың өзіндік бағыт – бағдары екені даусыз. Ежелден бері ұста, зергер, етікші, өрілші, ембі, атбегі, құсбегі саяткер т. б көптеген кәнігі кәсіби шеберлер өз өнерлерінің құпия - қатпарларын көлденең көк аттыға жайып сала бермеген. Олар қашанда қабілет – бейімі бөлекше ұл – қыздарының біріне немесе өздеріне өте жақын қолының ебі бар балаларға ғана өз кәсібінің қыр – сырын үйретіп өмірлік аманат ретінде қалдырып отырған. Өнерлі ата – ана осыны қазірден бастап өскелең ұрпақтарының құлағына құя бергенінің ешбір айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл біздің халқымызда ғана емес, дүние жүзі халықтарында бар өнеге. Мысалы: француз де – Шеванилердің отбасы ата – бабаларынан бері асыл тастар мен бағалы зергерлік бұйымдарды жасайды, дүние жүзінде әр түрлі мемлекеттерінде атақты дүкендері бар. «Кім боламын?»Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата – анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай – күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден – бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез – құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба – құп.

 

2.2  Қазіргі таңдағы кәсіпкерлікке баулу жолдары

 

                                                                               Тілекке еңбек тірек болмаса,

                                                                               ойға шомылып, қырдан

                                                                               аса алмайсың.

 Б. Момышұлы

Әлемде 50 мыңға жуық мамандықтар бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады. Біз олардың қаншасы туралы білеміз?

Виртуалды ұстаз – бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.

Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінгі біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік таетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Менеджер - жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады.

Мектептегі жасөспірімдер арасында  кәсіпкерлікке бағыттау  және оқушылардың ол туралы нақты идеясын қалыптастыру үшін мектепте кәсіптік бағдарлаудың негізгі бағыттары бойынша төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:

Кәсіби ақпарат: жеке тұлғаның өзіндік және кәсіптік маңызды қасиеттері туралы, білім беру мекемелерінің жүйесі және мамандық алу жолдары, қызметкерлердің қоғамдағы қажеттіліктері туралы ақпараттарды қамтиды.

Кәсіптік білім: мектеп оқушыларының бейімділігі мен кәсіби мүдделерін қамтиды. Кәсіптік білім берудегі педагогикалық жұмыстың мәні оқушыларды білім беру және оқудан тыс жұмыстардың, әлеуметтік пайдалы және өнімді жұмыс түрлерінің әртүрлі формаларына қатысуға ынталандыру, белсенді күш сынау. Оқушы  әр түрлі іс-әрекетте өзін-өзі сынағаны маңызды.

Кәсіби кеңес беру: оқушының жеке басын оқу - жеке тұлға. Сынып жетекшісі  мұғалімнің жұмысын қадағалау және студенттердің дамуын қадағалау, олардың оқу нәтижесі мен сабақтан тыс іс-әрекеттерін зерттеу, сұрақ қою, студенттердің психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын жасау сияқты жұмыс әдістерін пайдалана алады.

         Бүгінде оқушыларға кәсіптік бағдар туралы, еңбек қатынастары ерекшеліктерін түсіндіретін, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға мектеп қабырғасында жүргізіліп жатқан іс-әрекеттер жеткіліксіз, сондықтан бүгінгі таңда осы бағдарламамен жұмыс жасау тиімділігі байқалады.

 

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Есеп

түрі

 

Кәсіптік бағдар беру кеңесін құру

қыркүйек

мектеп директоры

бұйрық

Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру

қыркүйек

 

хаттама

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша сауалнама жүргізу

 

 

 

 

Жыл бойы

Мектеп психологы

Сауалнама мониторингісін жасау, талдау

Мектептегі оқушыларының кәсіби бағдар берудегі қалалық өндіріс пен әрекеттестігі (кездесу және экскурсия)

 

 

Әлеуметтік педагог

Сыныптағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы мұғалімдерге жеке кеңестер беру

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын анықтауға көмек көрсету

Әлеуметтік педагог

психолог

кітапханашы

Оқушылармен жұмыс

Кәсіптік білім мекемелерінің түлектерімен кездесу

қыркүйек

Әлеуметтік педагог

Талдау

анықтамасы

«Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» курсы (Мамандық таңдау).

Жыл бойы

Психолог

Анықта

ма

Кітапханада «Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен толықтыру.

Ай

сайын

Әлеуметтік педагог

Факультатив және үйірме жұмыстарынаарналған кесте

Қоғамға қажетті мамандықтар жайлы ақпараттармен таныстыру

Жыл бойы

«Ғалымдар алқасы» тобы

Ақпарат

ЖОО орындарының педагог ғалымдарымен кездесу ұйымдастыру

Жыл бойы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кездесу

«Сенім жәшігі» кәсіп таңдаудағы сұрақтар.

Жыл бойы

Педагог-психологтар

Кеңес беру жұмыстары

Техникалық бағыт бойынша қосымша білім беру бөлімдерімен жұмыстар ұйымдастыру,

қыркүйек

Технология пәнінің мұғалімі

Суретті есеп және іс-шаралар қорытындысы

Мемарандумға отырған республикалық, халықаралық оқу орындарымен тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру

Жыл бойы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кездесу

Кәсіптік бағдар беру апталығы  5-11 сыныптар

ақпан

Сынып жетекшілері

Іс-шаралар

«Менің болашақ мамандығым» сурет сайыс (5-7 сыныптар)

қазан

Бейнелеу өнер пәнінің мұғалімдері

Талдау анықтамасы

«Кәсіптік бағдар беру» олимпиадасына қатысу

қараша

Психологтар

Монито

ринг

«Кәсібім-болашақ нәсібім» атты жобалар қорғау сайысы

қараша

СМАРТ серіктестік топтары

Жоба

«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина (5-8 сыныптар)

қараша

Сынып жетекшілері

Хаттама

лар

«Менің елімнің болашағы» тақырыбында макеттер жасау сайысы

наурыз

СМАРТ серіктестік топтары

макеттер

«Мамандыққа саяхат» Мамандық әлемімен таныстыру.Ойын (6-7 сыныптар)

желтоқсан

Технология пәнінің мұғалімі

Фото есеп

 «Бизнеске бастау»  жобалар байқауы

қаңтар

СМАРТ серіктестік топтары

Оқу орындарына, аймақтық кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру (8-11 сыныптар)

ақпан

психолог

Талдау анықтамасы

   

Сынып сағаттарын өткізу «Мансапқа жетуді жоспарлауда өзін тәрбиелеудің рөлі

Жыл бойы

7-8 сыныптарда алдын ала бағыт беру аясында диагностика өткізу

наурыз

Әлеуметтік

мұғалім

психолог

Хаттама

«Менің арманымдағы мамандық» шығармашылық сайыс (7-9) МАОӨК

сәуір

Жоғары оқуорындары мен колледждердегі ашық есік күніне қатысу.

сәуір

Сынып жетекші, әлеуметтік мұғалім

жоспар

Жұмыс және оқу орындарының жәрмеңкесіне қатысу

наурыз

Әлеуметтік мұғалім

Мектеп педагаог-психологтары сынып жетекшілер

Хаттама

Жоғары оқуорындары мен колледжердегі ашық есік күніне қатысу

сәуір, мамыр

9-сыныптардан кезеңдік сауалнама алу

Жыл бойы

Ата-аналарға, оқушыларға жеке кеңестер беру

Ата-аналармен жұмыс

Оқу жоспарымен танысу

қыркүйек

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Хаттама

Жалпы мектепішілік жиналысы тақырыптары

қазан

  • «Мамандықты дұрыс таңдау. Аймақтық нарықтық еңбек»          (8-9 сыныптар)

наурыз

Әлеуметтік педагог

  • «Топтарды кәсіптік бағдар беру алдындағы дайындық ты оқытуды ұйымдастыру»                 
  •   (7-9 сыныптар)

қазан

Сынып жетекшілер

  • «Топтағы оқыту жұмыстарын ұйымдастыру»

желтоқсан

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

  • «Жоғары оқу орындарына түсу шарттары»
  • (11 - сынып)

Жыл бойы

Мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер


Бұл бағдарламамен жұмыс жасау оқушылардың  кәсіпке бейімділігін қалыптастыруға көмек көрсету болып табылады және  өзін-өзі дамыту үшін қажет. Бұл жүргізілген іс-шаралар оқушылардың  кәсіби бағдар алуына, өздерінің дара сипаттамаларын, тенденцияларын қалыптастыруға, кез-келген іс-әрекетке бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді. 

Кәсіби бағдар мақсатындағы мектептің оқушылар мен қарым-қатынас түрлері:

  • Пән олимпиадаларына қатысу;
  • Әр түрлі бағыттағы конкурстарға, жобаларға, іс-шараларға, сайыстарға қатысу;
  • Жоғары сынып оқушылар сауалнамасы мен тестілеуі;
  • Кәсіби бағдар бойынша сауалнамалар;
  • Кәсіби бағдар ойындары. 

Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарына бағытталған іс-шаралар:

  • Таныстыру мақсатында өнеркәсіптер мен ұйымдарға экскурсия;
  • оқу орындары ұйымдастырған көрме-жәрмсеңкелерге қатысу (Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп);
  • Кәсіби білім беру мекемелерінің Ашық есік күндеріне қатысу;
  • Каникул кезінде оқушылардың уақытша еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
  • Мектеп сайтында кәсіби бағдар бойынша ақпараттық материалдарды жариялау.

Осы бағытта жүргізілген іс-шаралардың бірнеше әзірлемесін ұсынамын:

 

Тақырыбы: «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС»

Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау

Міндеттері:

• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;

• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;

• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;

•Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге қалыптасады;

2. Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуіне дағдыланады;

3.Оқушылардың таңдап отырған мамандықтарының қыр – сырына көз жеткізуге тырысады; 

Көрнекі құралдар: геометриялық фигуралар, кестелер, ватман, суреттер

Түрі: қайталау сабақ
Әдіс - тәсілдері: 

«Ми шабуылы» ой қозғауы,

«Микрофон»– cтратегиясы,

«Психогеометрия»-тренингі ,постер жасау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточкалар, плакат, слайд, видео

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты «мамандықтар» модулі бойынша алған білімдерімізді қорытындылап, нәтижелейміз.Мектеп бітіргесін.МЕН –қайда барамын, қай мамандықты таңдауым керек? дегендей сұрақтарға жауап іздейміз.

 Міне осы мақсатта мен сіздерге :

 «Психогеометрия»- өзін - өзі тану тренингін дайындадым.
Өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрейік.

Төртбұрыш: Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңдағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін бар. Сендерден үздік администраторлар  шығады
Шеңбер. Сендерде адамгершілік жоғары дамыған. Сендерге жеке адамдар арасындағы жаман қарым қатынас тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сендерден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш: Сендерге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсыз.

-Бүгін бәріміз сенімдіміз,  жеңіске, жетістіктерге жетеміз!

-Топтарға бөлінейік:

1-топ – «Жарқын болашақ»

2- топ – «Дарынды ұрпақ»   

3- топ – «Асқақ арман»

II.Cабақтың барысы

Сабақтың кезендері  (Слайд)

–          Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)

 –          Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)

 –          Колледждеқандайбілімалады? (орта арнаулы)

 –          Университет пен академиядақандайбілімалады? (жоғары)

1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: 

 

- Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді

 ( Бұл адамның еңбек қызметіні түрі, кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, табыс.)

- Мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау. Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер?-«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау». Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

 

Видео «Мамандықты таңдау» (Хабар арнасынан «Жаңалықтар» бағдарламасынан үзінді  көрсетіледі)

-Сендер қалай ойлайсыңдар,қазіргі  кезде Қазақстанда қандай мамандықтар қажет?

- Қандай мамандықтарға грант беріледі? Ал енді топтардың бір біріне сұрақтары.

-Сен қандай мамандық таңдадың?Неліктен?

-Сен қайда окуға барасың? Неге?Ол қай қалада орналасқан?

- Сен қалай ойлайсың,қоғамда сұранысқа ие мамандық бар ма?

- Біздің аймығымызда қандай оқу орындары бар? Онда қандай мамандықты дайындайды ?

-Сеніңше, бұл оқу орындарында сен қандай факультетке түсер едің?  Неге ?

-Мұғалімнің сөзі:

Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,

Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.

Сондықтан да жалқаулықты тастайық,

Игі істермен өмір жолын бастайық

 

  1. Оқушы ойы. (мамандық таңдау факторлары жайында әңгімелеу)

 

-“Күшінесенгенадамғанамақсатына жете алады”   Н. Ә. Назарбаев.

1 –топ.

-Сендер мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді деп  ойлайсыңдар?

Өз ойларыңызды топпен ақылдасып айтыңыздар. .
Жауаптары-

ата - ананың ақылы

достарыңның ақылы

қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

дарының, мүмкіндігің, қабілетің

жақын аймақтағы оқу орнының болуы

жалақысының көп болуы

2 –топ.«Мамандықтар классификациясы»

-Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.  Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Евгений Александрович Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.Олар қандай ?

“Адам-табиғат” (Ботаник, мал дәрігері, )

“Адам- техника” (жүргізуші, инженер, слесарь- темірұстасы)

“Адам- адам” (психолог, дәрігер, режиссер)

“Адам- белгіліжүйе” (кітапханашы, бағдарламашы-программист)

“Адам- көркем бейне” (актер, суретші, дизайнер)

Өз мамандығының типін анықтау

Сен қандай мамандық таңдайсың?

Қандай типке жатады?

3-топ.Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?- Біз ойламыз, компьютерді білу ,бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.  Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.  Өз тауарын, қызметін өткізе білу . Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау. Үнемі білім ға алуға, қайта оқуға бейімділік.

- Дұрыс, сондықтан , балалар, болашақта сіздерге мамандық алғанда және жұмыс істегенде білімді, білікті, жан-жақті, ұқыпты, тәртіпті, мейрімді болуыңызды тілеймін.

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

III. «Білеміз бе?»

  • Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес.
  • Қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бар. Қазіргі уақытта жоқ, жойылған  мамандықтар да  бар. Өзінің мәнін жоғалтпайтын мамандықтар.

-Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар( постер жасау)

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар және қазіргі заманда олар қандай маманға айналған. Постер.

Атқосшы -    жүргізуші

Қолөнерші -дизайнер

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

-Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс .ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

-Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз

 IV.Жағдаят ситуация.                                                                     

Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі.

Э.Ф.Зеер (ғалым)

1-топ«Микрофон»– cтратегиясы.

 

Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.

Сұрақтар:

1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

2-топ. Сұхбат «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ»

 

 

3-топ .Жарнама «Оку орындары»

-«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.

V. Сергіту сәті.

 Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл————(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)

Еңтәтті——————(аспаз, кондитер)

Еңақшалы—————(банк қызметкері, экономист)           

Еңкүлкілі——————-(клоун, әзілкеш)

Еңжауапты —————– (сот, бухгалтер)

Еңсалмақты——————- (мұғалім, заңгер)

Еңқарым-қатынасыкүшті——- (бизнесмен, кәсіпкер)

-Қорытынды: Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.

Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық.

  • Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
  • Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
  • Осы сабақтан  не алдыңыз?
  • Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
  • Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.

V. Үй тапсырмасы:эссе «Менің отбасымдағы мамандықтар».

VI. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау:

VII. Рефлексия «Тілектер ағашы» 

- Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «Тілектер ағашына» ілеміз.

Бүгінгі кештен алған әсерлерің.

Болашақтағы жоспарларың

Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің жазылсын.

Мектептегі кәсіптік бағдар - оқушылардың кәсіптерінің әлеуметтік-экономикалық және психофизикалық сипаттамалары туралы білімді қажетті көлемде меңгеруге бағытталған тәрбие жұмысының жүйесі. Қоғамның әл-ауқаты үшін әрбір мектеп бітірушісі, ең алдымен, оның мүдделерін, мотивтерін барынша толық пайдалану, ең үлкен пайда әкеле алатын және оның терең қанағаттануына қол жеткізе алатын әлеуметтік өндіріс жүйесінде өз орнын іздестіру үшін уақытты, күшті және қаражатты үнемдеуге бағытталады.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді. 

         Кәсіптік бағдар қызметі кезде, балалар белгілі бір мамандық оң, сонымен қатар теріс ғана емес жақтарын көруге болады. Бұл олар болашақ қызметі олардың жеке, нақты қарым-қатынасты түсіну және бағалай алу үшін маңызды. Мысалы, мұндай «адам-табиғат» деп мамандықтар бойынша ол, оны сіз мәселені шешу қажет маңызды нәрсе жасауға жүйесінің жағдайын жақсарту ниетінде қоршаған ортаға арналған әдеттегі махаббат шектемеу үшін маңызды болып табылады. Осы демалыс орны емес - мамандық таңдағанда, сіз табиғи жаратылысыңызбен, жүрегіңіздің қалауымен таңдасаңыз, нағыз маман иесі бола аласыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында «Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастық, экономиканың индустриялы-инновациялық дамуы мен қоғамдық сұраныстарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім жүйесін жетілдіру керек» делінген.

Қай істің де алға өрлеуі  мамандардың   біліктілігіне байланысты. Сондықтан   оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына  қарай мамандықты дұрыс таңдап, дұрыс қадам жасау үшін    кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің  маңызы зор.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. 

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен, мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. 

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

 

 

 Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы

2.Еркаева Н.Ф.Секрет удачного выбора.Караганда,1993.

3.Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога.М.: Владос-пресс, 2003.

4.Ортаев Б, Батырова А. «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі.    «Нұрлы Бейне», 2010.

5.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия .Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.Құрастырған: Сатова А.К.9-сынып оқушысының бағыттылығын анықтауға арналған бағдарлама, 12 жылдық білім беру проблемалары Рғпо ғылыми кеңесі ұсынған,Астана, 2005.

6.Широкова И. Тренинг самопознания для подростков.Общение. Память.              М.:Генезис2005.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.01.2023 16:38
Құрылған күні: 11.01.2023 16:38

Текст