Текст
23.04.2026
«Салауатты ұрпақ – Адал азамат» онкүндігі аясында 4-сынып оқушылары арасында спорттық турнирлер ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, жеңіске тек адал жолмен жетудің маңызын түсіндіру және зиянды әдеттерге қарсы тұратын саналы ұрпақ қалыптастыру. Турнир барысында оқушылар белсенділік танытып, шынайы бәсекелестік пен әділ ойын үлгісін көрсетті. Әрбір қатысушы жеңіске жетудің ең дұрыс жолы – табандылық пен адал еңбек екенін дәлелдеді. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, оларды адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
23.04.2026
Бүгін мектебімізде бөбекжай, мектепалды топ және бастауыш сыныптар арасындағы өзара сабақтастық жұмыстары өтті. Іс-шараға Ақбота бөбекжайының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысып, мектеп мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысты. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді. Кездесу барысында тәжірибе алмасу жүзеге асып, педагогтар үшін пайдалы әрі мазмұнды пікірлер айтылды. Осындай сабақтастық жұмыстары білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
23.04.2026
«Салауатты ұрпақ – Адал азамат» онкүндігі аясында 7–8 сынып оқушылары арасында ерекше форматта ұйымдастырылған футбол турнирі жоғары деңгейде өтті. Алаңда өткен тартысты ойындарда жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, әр команда жеңіске деген жігерімен, ұйымшылдығымен көзге түсті. Турнир барысында адал ойын, өзара құрмет пен қолдау айқын байқалып, спорттың шынайы рухы сезілді. Іс-шараны спорт жаттықтырушысы Исмагулов Ж.Е. өткізіп, оқушыларға футболдың тек ойын ғана емес, тәртіп, еңбек және табандылықтың көрінісі екенін ұғындырды. Бұл футбол турнирі оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауда ерекше маңызға ие болды.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
23.04.2026
«Салауатты ұрпақ – адал азамат» онкүндігі аясында «Интеллект пен саулық» тақырыбындағы (жастар арасындағы лудоманияның алдын алу, мектептегі достық пен татулық – психологиялық саулықтың негізі 7–8–9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған дебат аталған тақырыптар бойынша өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Дебаттың жоғары деңгейде өтуіне жетекшілік еткен – Рахимжанова Ұлжазира Айдарбекова Оның кәсіби бағыт-бағдары мен қолдауы пікірталастың мазмұнды әрі әсерлі өтуіне ықпал етті. Дебат барысында келесі тақырыптар қамтылды:
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
03.04.2026
Гос услуга 2025 отчет январьда тапсыратын
Гос услуга 2025 отчет январьда тапсыратын
31.03.2026
Мемлекеттік қызмет көрсету барысы.
№9 мектеп-гимназия жанындағы интернат оқуышларына тасымал жүргүзілуде. №9 мектеп-гимназия жанындағы интернат – Бурабай ауданының ауылдық жерлерінен келетін балаларға арналған маңызды әлеуметтік-білім беру мекемесі. 2025-2026 оқу жылында 39 оқушымен интернат жұмысын...
25.02.2026
Мектебімізде Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымы мол, жүрекке әсерлі ерекше кездесу кеші өтті. Кездесу барысында батыр ағаларымыз өздерінің өмір жолы, әскери қызмет кезіндегі бастан өткерген қиындықтары мен ерлікке толы сәттері туралы сыр шертті. Олардың ел алдындағы адал қызметі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі оқушыларға үлкен үлгі болды. Ардагерлер жастарды елін, жерін қорғауға әрдайым дайын болуға, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге шақырып, патриоттық рухта тәрбиеленудің маңызын атап өтті. Кеш барысында оқушылар ардагерлерге өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ерлік пен батырлықтың мәңгілік құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
25.02.2026
Математика сабағынан 1 Ә сынып оқушыларының ашық сабағы. Тақырыбы " Уақыт "
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈
25.02.2026
20.02.2026 күні Бурабай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №9 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің жас мамандарына арналған «Өсу аймағы: жас маманның кәсіби серпіні» атты семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Семинардың ашылу салтанатында Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шайкенова Самал Сағынаевна және әдіскер Алдабергенова Клара Арынгазиевна жас мамандарға жүрекжарды тілектерін арнап, кәсіби дамуға серпін беретін жылы лебіздерін білдірді. Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, мазмұнды әрі креативті сабақтарға куә болды:
Видеоны көрі үшін, сілтемені басыңыз 👈